$ 495.2  522.34  4.94

Жылдың «үздік ауылы» анықталды (ФОТО)

Жыл үздіктері мұндай құрметке оңай жеткен жоқ. Бүгін еселеп кеткен еңбектің зейнеті өтелген күн. Бұл талмас талпыныс пен қажырлы қайраттың жемісі.
Фото: facebook.com
Фото: facebook.com

Ауыл тақырыбы – әр қазақтың жүрегінде, ал ауыл ахуалы – қоғамның күн тәртібінде. Арқа жылы болса, арқар ауып несі бар?» дегендей, ауылдың жағдайы заманауи өмір сүруге қолайлы болса, қалаға қарай түре көшейін деп отырған қазақ көрінбейді.

Түркістан облысында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көріне білген азаматтар мен түрлі сала өкілдері анықталды. Жыл үздіктеріне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы дипломы мен «Жыл үздігі» мүсіні табысталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы іс-шарада «Жылдың үздік ауылы» номинациясын Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округі құрамындағы ауыл «Өркенді» елді мекені иеленді.

 

Карантиндік шектеулерге орай бұл шара онлайн форматта өтті. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жыл бойы атқарған істі бағалап, осы жолда жемісті еңбек еткен азаматтар мен еңбек ұжымдарын 42 аталым бойынша марапаттап, құттықтады. Олардың бірқатары өз жүлделерін облыс әкімі орынбасарының қолынан алды.

«Жыл үздіктері мұндай құрметке оңай жеткен жоқ. Бүгін еселеп кеткен еңбектің зейнеті өтелген күн. Бұл талмас талпыныс пен қажырлы қайраттың жемісі. Барлық түркістандықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға және еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық және мол табыстарға жетулеріңізге тілектеспін», – деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары