$ 447.4  477.55  4.76

Түркияда Гүлен жамағатының медиа құрылымдарына тыйым салынды

Түркияның Радио және телевидение жоғары кеңесі (РТЖК) мүшелері бірауыздан елде төңкеріс жасауға әрекеттенген параллель жүйеге қатысы бары және оларға қолдау көрсеткені анықталған радио және телевидение ұйымдарының құқықтары мен лицензияларының күшін жою туралы шешім қабылдады. Бұл туралы жергілікті Хюрриет басылымы хабарлап отыр.

РТЖК-нің кезектен тыс өткен мәжілістің шешімімен Гүлен жамағаты мен төңкеріс әрекетіне қатысы бары анықталған радио және телеарналар елде хабар тарату құқығынан айрылды.

Хабар тарату құқығы мен рұқсатынан айрылған арналар мен радиолардың тізімі мынадай: "STV, Samanyolu Haber, Samanyolu Haber Radyo, Can Erzincan TV, Kanal 124, Yumurcak TV, Hira TV, MC TV, Dünya TV, Kanal Türk, Bugün TV, Mehtap TV, Berfin FM, Kanal Türk Radyo, Burç FM, Samanyolu Haber Radyosu, Radyo Mehtap, Haber Radyo Ege, Dünya Radyo, Radyo Küre, Merkür TV, Esra Radyo, Tuna Shoping TV, Samanyolu Haber Radyo Anadolu."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары