$ 498.55  524.28  4.75

Шымкентте жоғалып кеткен 10 жасар бала аман-есен табылды

10 жасар Ұлықбек Тұрсынбек 18 шілде күні Шымкентегі «Бекжан» базарында жоғалып кеткен болатын. Анасынан дәретханаға барамын деп сұранып кеткен жеткіншекті мұнан кейін ешкім көрмеген.

38 жастағы әйел бір тәулік бойы ұлын өзі іздеп көрмек болыпты. Алайда, мұнысынан нәтиже шықпаған соң ішкі істер органдарына арызданған. Тексеру барысында белгілі болғандай, оқушы бала бұған дейін де үйінен бірнеше рет қашып кеткен екен. Анасының полицияға кеш арыздануы да содан дейді ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Шұғыл іздеу жұмыстары барысында сол күні кешке тәртіп сақшылары Ұлықбекті қала базарларының бірінен іздеп тапты. Денсаулығына ешқандай зиян келмеген. Оның не үшін анасынан кетіп қалғандығы анықталу үстінде. Белгілісі, баланы ешкім ұрлап кетпеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары