$ 494.87  520.65  4.91

Жаңатастағы экологиялық ахуал «Nur Otan»-ның назарында

Бұл орайда жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы, «Ауыл-ел бесігі» сынды мемлекеттік бағдарламаның, жобаның берері мол.

«Nur Otan» партиясынан Сарысу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат А.Сейналиев «Жаңаталап» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізіп, оларға партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Кездесуде бағдарламаның негізгі басымдықтарының ауданның әлеуметтік-экономикалық өміріне тигізер әсері  әңгіме өзегіне айналды. 

–   «Nur Otan» партиясы азаматтардың өмір сүру сапасын  жақсарту жолында әрбір тұрғынның сапалы, әрі заманауи инфрақұрылымға қол жеткізуіне ықпал етеді. Бұл орайда жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы, «Ауыл-ел бесігі» сынды мемлекеттік бағдарламаның, жобаның берері мол. Жоғарыда аталған жобаларды қолға алу арқылы облыстық, аудандық маңызға ие 1200 шақырым жолдың кей бөлігін жаңадан салып, енді бір бөлігін күрделі және орташа жөндеуден өтеді. 

Сонымен қатар облыстағы 119 ауылдық елді мекенде тұратын 125,8 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен және 107 елді мекендегі 128 мың тұрғынды табиғи газбен қамту да партияның бақылауымен жүзеге асырылмақ. 

Сәйкесінше жергілікті жердегі инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстарының шарапатын Сарысу ауданының да тұрғындары да бір кісідей сезінетін болады. Партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлмасына сай Жаңатас қаласындағы орталық қазандығы қайта жөндеуден өтеді. Аудан орталығындағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін ауаны тазалайтын кешендер де салынады.

Баршаңызды еліміздегі әрбір ауылдың, кент пен қаланың дамытудың өзекті мәселелерін шешудің нақты жоспарын қамтитын «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын лайықты жүзеге асыру үшін алдағы сайлауда еліміздің бас партиясын қолдау білдіруге шақырамын, – деді кандидат А.Сейналиев.
 
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары