Жаңалықтар 03.01.2021 сағат 18:20

«Nur Otan»-ның ықпалымен Қордайда емханасы бар жаңа аурухана салынады

Партияның ықпалымен білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларда сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, аудан халқының өмір сүру жағдайы жақсарады.
«Nur Otan»-ның ықпалымен Қордайда емханасы бар жаңа аурухана салынады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Nur Otan» партиясынан Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Зәуреш Қадырбекова мен Мәди Мүлкеманов, аудандық мәслихатқа кандидаттар Дамир Абдраимов, Назира Тоқтыбаева, Идрис Бицаров, Айша Идыбо «Greenwill»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Greenwill» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  агросаладағы заманауи технологияны пайдалана отырып, көкөніс өсірумен айналысатын іргелі шаруашылыққа жатады. Мұнда аквапоника әдісімен бір мезгілде көкөністің түр-түрін өсіріп қана қоймай, балық шаруашылығы да қолға алынған. Осынау бірегей кешенде болған жиында «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабының төрайымы Дамира Сүгірбай партияның  бұған дейнігі «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.

– Биыл аудан орталығы Қордай ауылының көшелері толықтай асфальтталды. Бірқатар көшелер заманауи шамдармен жарықтандырылды. 60 пәтерлік бірнеше тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ  жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынды. Аудандағы елді мекендерді газдандыру деңгейі 95 пайызға жетті, – деді Дамира Маратқызы. 

Ал «Nur Otan» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандидаттар партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының ауданды кешенді дамытуға бағытталған 7 басымдығын жан-жақты насихаттады. 

–   Тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру «Nur Otan» партиясы үшін басым бағыттардың  болып табылады. Сонымен қатар партия азаматтардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әрбір адамның таза суға, ауаға және сапалы инфрақұрылымға қол жеткізуін қолдайды. Партияның ықпалымен білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларда сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, аудан халқының өмір сүру жағдайы жақсарады. Қордай ауданында емханасы бар жаңа орталық аудандық аурухана салынады. 

Партияның пәрменмімен жүзеге асырылатын осынау ауқымды жұмыстарды өз деңгейінде қолға алу үшін 10 қаңтарда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамын, – деді кандидат Зәуреш Қадырбекова.


 «Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар