Жаңалықтар 04.01.2021 сағат 11:20

Сырдариялық 200-ден аса азамат кәсіпкерлік негізде оқытылады

Бұл шаралар нәтижесінде 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін 96 пайызға жеткізу көзделуде.
Сырдариялық 200-ден аса азамат кәсіпкерлік негізде оқытылады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы Сырдария ауданында жыл сайын «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасымен 15 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде несиелер және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға гранттар ұсынуды, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» жобаларымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын кемінде 4 жаңа жобаларды несиелендіруге ықпал етуді жоспарлап отыр.

Бұл шаралар нәтижесінде 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін 96 пайызға жеткізу көзделуде. Жалпы саны жоспарлы жұмыстар аясында 1345 кәсіпкерлік нысанында 2015 адам жұмыспен қамтылатын болады. Мұны Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылындағы «Мәді қажы» ЖШС ғимаратында жүйе құраушы сала өкілдерімен өткен кездесуде облыстық мәслихатына үміткер Сейткамал Сұлтанов айтты.


Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Б.Кесебаева, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Е.Әжікенов пен Е.Жақып қатысып, қызметкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, партияны қолдап , джауыс беруге шақырды.

Біздің партия аудан тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біз сіздерді облыстық, қалалық, аудандық мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз.Біздің аудандық бағдарламамыз Сырдария ауданын кешенді дамытуға бағытталған. Біз ауданымызды әртараптандырып, бәсекеге қабілетті экономика және өмір сүру үшін жайлы аудан ететін нақты шаралар ұсынамыз. Ауданның дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен идеялармен алмасуға және кең ынтымақтастыққа дайын және ашық екенімізді мәлімдейміз - деді Сейткамал Сұлтанов

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар