$ 445.66  474.58  4.78

Ауданда жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ

Кездесуде “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт- насихат жұмыстары жүргізілді.

“Nur Otan” партиясы тізімімен аудандық мәслихатқа үміткер Рахимов Бағдат Болатұлы партияның сайлауалды бағдарламасын кеңірек таныстыру мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының Қазпошта бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт- насихат жұмыстары жүргізілді.

Біздің ортақ мақсат – әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру, оларға жақсы жағдай жасау. Еңбекшіқазақ ауданы  “Nur Otan” партиясы өкілдігінің сайлауалды бағдарламасында көпбалалы аналарды және мүгедектерге қолдау көрсету ерекше атап өтілген. Ауданда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты жыл сайын білікті жұмыс күшіне сұраныс артып келеді. Бүгінгі таңда 200 ашық бос жұмыс орны бар. Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен 4135 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда, олардың үштен бірі (1147 адам) «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде орналасады. «Nur Otan» партиясы әркімнің өзі мен отбасы үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алуы үшін тұрақты жұмыс орындарының санын ұлғайтуға қол жеткізеді, – деді үміткер баяндамасында.
Кездесу соңында мекеме қызметкерлері сұрақтарын қойып, көкейдегі мәселелерін шешу бойынша жауап алды.

«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#инвестиция