Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Д.Маселбеков, Ж.Абекова, М.Несипбаев, А.Ахметов пен К.Копелбекова Қараой ауылының тұрғындарымен кездесті. Шара барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясының бағдарламасын түсіндіріп, ауданның әрбір тұрғыны жайлы өмір сүруі және дамуы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқат қоғамын бірге құратынын тілге тиек етті. Сонымен қатар, партияның 2025 жылға дейін орталықтандырылған сумен қамтуды 100%-ға, газбен жабдықтауды 83,3%-ға дейін жеткізу міндетін қойып отырғаны аталып өтті. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 1,9 мыңнан астам халқы бар 7 ауылдық елді мекенде 12 км сумен жабдықтау желілерін және құрылғыларын салуға ықпал ететін болады. Бұл жоба Қараой ауылында 2023 жылға жоспарланып отыр.
Аталмыш кездесуде интернет мәселесі де шет қалмады. Кандидаттардың сөзінше алдағы кезеңде «Nur Otan» партиясы аймақтың қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және азаматтардың оны кеңінен пайдалануға көшу мақсатында Интернет желісіне ауқымды қосылуды негізгі басымдықтардың бірі етіп қояды. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2024 жылы 6 елді мекендегі, атап айтар болсақ, Қараой, Тұрымқұл, Сейілбек, Талапты, Көшек, Тамабек ауылдарындағы 2,7 мың адамды талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша кең жолақты Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы, Талас аудандық сайлау қоры қаражаты есебінен төленді