Жаңалықтар 04.01.2021 сағат 19:23

Экс-президент тергеу колониясына ауыстырылды

Раиса Атамбаеваның айтуынша, күйеуін Жаңа жыл қарсаңында ауыстырған.
Экс-президент тергеу колониясына ауыстырылды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторынан Бішкектегі № 47 түзеу колониясына ауыстырылды. Бұл туралы оның жұбайы Раиса Атамбаева айтты, - деп хабарлайды 24.kg басылымы.

Раиса Атамбаеваның айтуынша, күйеуін Жаңа жыл қарсаңында ауыстырған.

"Бұл туралы ешкім білмеді. 31 желтоқсанда маған және балаларымыз Қадыр мен Әлияға кездесуге рұқсат берді. Сол кезде біз колонияға бардық. Ол емін жалғастырып жатыр. Әрине, бұл колонияда жағдай жақсы: серуендеуге, адамдармен сөйлесуге болады. Алмазбек Атамбаевтың қан қысымы төмен және оған қатты суық тиген. Біз оған ыстық тамақ әкеліп, жылы киім бердік", - деді Раиса Атамбаева басылымға.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық із қозғалды. Оның ішінде 2019 жылы 7-8 тамызда Қой-Таш ауылында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, жемқорлық жасады және қылмыспен келген табысты заңдастырып алды деген күдікпен ұсталды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар