Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының барысында аудандық мәслихат депутаттығына кандидат К.Садубаев, Б.Сұлтанбек пен М.Джарылкапов «Nur Otan» партиясының бағдарламасын түсіндіру мақсатында Қызыләуіт ауылының тұрғындарымен кездесті.
Аталмыш кездесуде үміткерлер ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға күш-жігер біріктіріліп, іс-қимыл жасалатынын жеткізіп, бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2021 жылы Қызыләуіт ауылында 1000 бас мүйізді ірі қара малға арналған бордақылау алаңдарын құруға, 2023 жылы Қызыләуіт ауылында тауарлы-сүт фермасын құруға, сондай-ақ, лизинг арқылы машина-трактор паркін жаңарту, жыл сайын кемінде 15 бірлік ауылшаруашылық техникасын сатып алуға және ауыл ішіндегі және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерін шешуге ықпал етеді, автомобиль жолдарының сапасын арттыру, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 100%-ға жеткізу үшін 2023 жылы «Қызыләуіт ауылына кіреберіс» 5,4 шақырымды құрайтын автомобиль жолын орташа жөндеуге ықпал ететінін жеткізді. Сонымен қатар сапалы ауыз сумен және газбен қамтамасыз етуді көздейтінін атап өткен кандидаттар 2022 жылға қарай Ақкөл, Қызыләуіт, Ақтөбе ауылдарындағы 24 шақырым қашықтықтағы газ құбырының құрылысын аяқтауға және 2022 жылы – автоматтандырылған газ тарату станциясы «Билікөл», Ақкөл, Қызыләуіт, Ақтөбе, жалпы 82,5 шақырым газ құбырының құрылысын салуға қолдау білдіретінін тілге тиек етті.
Ескерту! Жамбыл облысы, Талас аудандық "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді