05.01.2021, 22:40

Елімізде коронавирус қаупі сейіле бастады

фото: aa.com.tr
Қазақстанда "қызыл" аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ.

Қазақстанда "қызыл" аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Ведомствоаралық комиссия "қызыл", "сары" және "жасыл" аймақтарға қатысты мәлімет берді.

Комиссия мәліметінше, Қазақстанда "қызыл аймақта" бірде-бір өңір қалған жоқ. Сонғы кездері ол аймақта Атырау облысы болатын. Кейін ол "сары" аймаққа өтті. Сондай-ақ, бұл аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысы бар.

Қалған өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта.