06.01.2021, 07:20

6 қаңтарға арналған ауа-райы болжамы

фото: zakon.kz
Еліміздің басым бөлігінде аязды ауа райы күтіледі.

Қазақстан аймақтарында 6 қаңтарда болатын ауа райы туралы Қазгидромет сионптиктері айтып берді, деп хабарлайды Today.kz.

Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де Солтүстік антициклон жотасының ықпалында болады және аязды, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстік-батысында түнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшейюі күтіледі.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз, Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аяз сақталады.