06.01.2021, 07:51

Теңіз кенішінде бір тәулікте 144 жұмысшыдан коронавирус анықталды

фото: adyrna.kz
Соңғы тәулікте covid-19 жұқтыру көрсеткіші үш есе өскен.

Атырау облысында өткен тәулікте 149 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 144- і Теңіз кенішінің жұмысшылары, деп хабарлайды Today.kz.

Соңғы тәулікте covid-19 жұқтыру көрсеткіші үш есе өскен.

Коронавирус 25 науқаста симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 43 адам сауығып шыққан. «Қазір 290 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық 91, аудандардағы стационарларда 38 науқас жатыр. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 778 адам ем қабылдауды жалғастыруда», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.