06.01.2021, 12:20

Қазақстанда азық-түлік бағасы 40 пайызға бір-ақ шарықтаған

Фото: ашық дереккөзі
Айта кетейік, былтыр инфляцияның деңгейі 7,5 пайыз болды.

Елімізде азық-түлік бірден 40 пайызға өсіп шыға келіпті, деп хабарлады paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Ел ең көп тұтынатын ішіп-жемнің барлығы да былтыр әжептәуір баға қосып үлгерген. Мәселен, 2019-дан 2020 жылға дейін қатты қымбаттаған қарақұмық екен. Сұйық май, қант, ұн, қияр мен өзге көкөністердің де бағасы артқан.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, орамжапырақ, пияз, күріш пен бананның бағасы сәл төмендеген.

Айта кетейік, былтыр инфляцияның деңгейі 7,5 пайыз болды.