$ 444.22  476.38  4.82

СССР қайта құрылуы мүмкін бе?

Ресейлік саясаткер, Либерал-демократиялық партияның төрағасы Владимир Жириновский жаңа социалистік одақты құруды ұсынып отыр. Одақ құрамына Иран мен Түркияны да қосу керек деп есептейді ол. Мұндай ойымен саясаткер өзінің Twitter-парақшасында бөлісті.

«Егер қаласақ СССР-ды (союз свободных социальных республик) қайтадан құруға болады. Оған Иран мен Түркияны және өзге елдерді шақыру керек», — деп жазды либерал-демократтардың жетекшісі.

Айта кетейік, 16 шілде күні Жириновский Түркия әскерилерінің төңкерісте жеңілгеніне қарамастан, алдағы уақытта олар билікті бәрібір тартып алады деп мәлімдеген болатын.

Стамбұл мен Анкарадағы төңкеріс әрекеті 16 шілдеге қараған түні орын алған еді. Билікті басып алмақ болған әскерилер маңызды бірнеше нысанды шабуылдап көргенімен, мақсаттарына жете алған жоқ. Қарулы қақтығыс салдарынан 232 адам қаза тапты. Олардың басым бөлігі қарапайым тұрғындар.

КСРО (СССР) болса қазақ халқына орны толмас қасірет алып келген одақ. Ол 1922 жылы құрылып, 1991 жылы тарап кетті. Одақ құрамында болған кезде қазақтар ашаршылықты, Сталиннің репрессиясын, Екінші дүниежүзілік соғысты бастан кешірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары