Қарағандының орталық базарындағы сауда контейнерлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
6 қаңтарда Қарағанды қаласының «Алтын арба» сауда үйінің контейнерлерінің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. «Осы оқиғаға қатысты 37 жастағы күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Тергеу амалдары жалғасуда.