Жаңалықтар 06.01.2021 сағат 19:00

Қызылордада 92 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізіледі

Сонымен қатар, 5870-ден аса жеке тұрғын үйлердің құрылысы мен 27 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілетін болады.
Қызылордада 92 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізіледі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Nur Otan» партиясы атынан Қызылорда облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Наурызбай Байқадамов пен Ибраким Басықараев  Теміржол саласы жанынан  құрылған партияның Теміржол филиалындағы бастауыш партия ұйымы төрағаларымен кездесті. 

Келелі кездесуде үміткерлер ұжымның сала туралы салмақты сауалдарына жауап беріп, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады. Ашық әңгіме алаңында сайлаушылардың басты сауалы айлық жалақысын көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты болды.

– Жалпы қала тұрғындары үшін тұрғын үй мәселесі әрдайым өзекті. Осы жайтты ескере отырып, партия 2025 жылға дейін 4140 пәтерлі 92 көпқабатты тұрғын үй, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға, жас отбасыларға, бюджет саласының қызметкерлеріне 1840 пәтердің құрылысы жүргізбек. Сонымен қатар, 5870-ден аса жеке тұрғын үйлердің құрылысы мен 27 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Мінекей, осы жүргізілген шаралар 5 мыңға жуық отбасын баспанамен қамтуға және 10 мыңнан аса отбасына өмір сүруге қолайлы жағдай жасайды. Ал әлеуметтік көмек, жұмысшылардың міндеттемелерін жеңілдету, медицинаға қолжетімділікті арттыру секілді мәселелерге байланысты алдағы уақытта ауқымды жұмыстар жасалады, – деді үміткер Ибраким Басықараев.


Айта кетейік, қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін «Nur Otan» партиясы алдағы бес жыл шеңберінде халықты сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелерін шешуге ниетті. Осы мақсатта Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа аудандарда, Саяхат, Сәулет, Рисмаш, КБИ, Әл-Фараби, Сабалақ аудандарында ұзындығы 213,2 км инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын салып, Жылу-электр орталығын қайта жаңғыртпақ. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін Қызылорда қаласына қарасты барлық саяжайларға су құбырын жүргізіп, Махамбетов және Наурыз ауылында 110,4 км газбен жабдықтау желілерін салатын болады. Әрі жаңадан 25 балалар ойын алаңдарының құрылысы және көпқабатты үйлер алаңындағы тозығы жеткен 100 балалар ойын алаңын жөндеу жұмыстарын жүргізу ықпал етпек. Нәтижесінде елді-мекендердегі орталықтандырылған газбен қамтылу үлесі 30%-ға артады.


Үгіт тобы әрбір сайлаушының талап-тілегі қараусыз қалмайтынын жеткізіп, үгіт парақтарын таратып берді. Ал шараға қатысушылар бағдарламадағы басымдықтар  риза болып, алдағы саяси дода да партияға дауыс беретіндерін айтып тарқасты.


«Nur Otan»  партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар