Жаңалықтар 06.01.2021 сағат 19:30

Ақсу ауданы: мәслихат депуттатығына үміткерлер Депо ұжымымен кездесу өткізді

Мекеме қызметкерлері де  өз көкейінде жүрген мәселелерді ортаға салып, талап-тілектерін тілге тиек етті.
Ақсу ауданы: мәслихат депуттатығына үміткерлер Депо ұжымымен кездесу өткізді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақсу аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бейбіт Сүлейменов, Элдар Самбетов, Балташ Кулчанов, Марат Естібаев Матай ауылдық округінде "СКД7" мекемесінде Депо ұжымымен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында жиналғандарға партияның сайлауалды бағдарламасы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, үнпарақтар тараттылды. Мекеме қызметкерлері де  өз көкейінде жүрген мәселелерді ортаға салып, талап-тілектерін тілге тиек етті.

Кандидаттар жұмысшылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Партиялық бағдарламада халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізіп, осы бағыттар бойынша көптеген жобалар жасалып, жүзеге асуына «Nur Otan» партиясы барынша ықпал ететінін жеткізді. Білім беру мен медицина саласында атқарылатын басты жұмыстар атап көрсетілді.  Алдағы уақытта басқа да  сайлауалды үгіт-насихат жиындары жоспарға сай өткізілетін болады.

Депутаттыққа үміткерлер көптеген ұйымдар мен шаруа қожалықтарының ұжымдарымен жолығып, халық көп шоғырланған орындарда да кездесулер өткізді. Біздің  мақсатымыз – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін жақсарту. Сондықтан әрбір қазақстандықты алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз. Өйткені  біздің болашағымыз – біздің дауысымызға байланысты.

Ескерту! «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар