Астана жастарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы «Отбасы банкі» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Facebook-де өткен тікелей эфир барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз қазіргі таңда әкімдікпен бірге «Елорда жастары» бағдарламасының талаптарын талқылап жатырмыз. Алдын ала келісімдер бар. Бағдарлама ең алдымен жас отбасыларды қолдауға бағытталған. Ол жерде де лимит бекітіледі. 5 пайыздық ставка болса, бастапқы жарна көлемі шамамен 10 пайызға тең болуы керек. Ең бірінші кезекте ол бағдарламаға астанада еңбек ететін, алайда кезекке тұра алмай жүрген жастарды қосқымыз келеді», - деді Ләззат Ибрагимова.
Оның айтуынша, қазіргі таңда бағдарлама іске қосудың финалдық сатысында тұр. Толық ақпарат алдағы бір жарым айдың ішінде жарияланады.