$ 444.22  476.38  4.82

«Талас» аудандық мәслихат депуттатығына үміткерлер ауыл тұрғындарымен кездесті

Шара барысында үміткерлер бағдарламада қарастырылған жоспарларымен бөлісті. Ауданның алға қарыштап дамуы үшін ауылдық елді мекендерге ерекше  көңіл бөлу керектігін айтып, ол үшін партия тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалатынын шегелеп өтті.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатымен аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Н.Манатбеков, К.Жуманазарова, К.Пірман мен М.Миралиев Есейхан ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Шара барысында үміткерлер бағдарламада қарастырылған жоспарларымен бөлісті. Ауданның алға қарыштап дамуы үшін ауылдық елді мекендерге ерекше  көңіл бөлу керектігін айтып, ол үшін партия тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалатынын шегелеп өтті. 

Атап айтар болсақ,  «Nur Otan» партиясы ауыл ішіндегі және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерін шешуге, 3 ауылдық елді мекеннің көшелерін жарықтандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететіндігін білдірді.

Бұл үшін 2025 жылға дейін аудандық мәндегі 59,5 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде 2024 жылы Есейхан ауылының 10,35 шақырымды құрайтын кіреберіс жолын орташа жөндеу, сондай-ақ 5 жылда Тамды, Үшарал, Майтөбе, Қызыләуіт, Есейхан ауылдарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын қоршау орнату және сұрыптауға жіберу арқылы экологиялық талаптарға және санитарлық ережелерге сәйкес келтіру жоспарланып отырғаны мәлімделді.

Ескерту! «Nur Otan» партиясы Талас аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары