«Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-не дейін қысқартып, бизнес үшін кедергілерді жою және бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнестің қызмет алаңын кеңейтеміз»...
Бұл «Nur Otan» партиясы бағдарламасындағы «Экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы» тарауында айтылған негізгі басымдықтың бірі.
Осы орайда желтоқсанның 29 күні Панфилов ауданы "Nur Otan" партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Кузиев Закиржан "Универсал" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында партия үміткері Кузиев Закиржан мемлекет орта таптың тірегі, экономикалық дамудың қозғаушы күші, инновацияның, жұмыспен қамтудың және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының негізі болатын бизнеске жан-жақты қолдау көрсететіндігін жеткізді.
«Nur Otan» партиясының бағдары тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылатындығын да атап өтті.
Сондай-ақ 2021 жылы – азық-түлік өнімдерін өндіретін зауыт (қуаттылығы жылына 528 тонна дайын өнім, жеміс-көкөніс пюресі), 2022 жылы – тауарлы бетон өндіру зауыты (қуаттылығы жылына 7000 текше метр дайын бетон), 2025 жылы – сантехникалық өнімдерін шығаратын зауыт (қуаты жылына 2,5 млн. дана сантехникалық өнім, 2022 жылы – Сарыбел ауылында бие сүтін қайта өңдеу цехы (қуаты жылына 1000 литр сүт), ал Дарбазақұм ауылында жеміс-жидек дақылдарын қайта өңдеу зауыты (қуаты жылына 8000 тонна шырын, джем), сонымен қатар дамыған инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар жаңа Нұркент қаласының құрылысы сынды кешенді жұмыс жоспарын жүргізуге ықпал ететін болатынын айтты.
Сонымен қатар адамдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, қайта даярлау бағдарламаларын тиімді жүзеге асыруға қол жеткізу және басқа өңірлерден білікті кадрларды тартуға ықпал ету, ауданда тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдауға ықпал етіп, нәтижесінде өңірде бес жыл ішінде 7,7 мыңнан астам жұмыс орны құрылады (жыл сайын орта есеппен 1500 жаңа жұмыс орны өндірісті ашу есебінен) деп бағдарламаға шолу жасап, мекеме қызметкерлеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Осы орайда айта кеткен жөн, тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бойынша алдағы уақытта «Nur Otan» партиясы: - қаржы институттары арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту (жеңілдікті кредиттеу және микрокредиттеу, келісімшарттық қаржыландыру тетігі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша техника, жабдықтар лизингі); -Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаражатын тарта отырып, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру есебінен қосымша 6 мың га суармалы жерді айналымға енгізу (жыл сайын шамамен 700-1000 га); -Астық жүгерінің өнімділігін 63,9 ц/га-дан 65,7 ц/га-ға дейін ұлғайту; -Ірі қара мал санын 76,9 мыңнан 79,9 мыңға дейін, оның ішінде асыл тұқымды мал басын 12 мың басқа дейін, қой – 280,2 мыңнан 282,7 мың басқа дейін, жылқы – 18,5 мыңнан 20,6 мың басқа дейін ұлғайту; -Жыл сайын 40 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу; -2021 жылы – Сарыбел ауылында 450 бас жылқы шаруашылығы тауар фермасының құрылысы (қуаттылығы жылына 150 тонна ет); Жерұйық ауылында 105 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы (қуаттылығы жылына 66 тонна ет); Көктал ауылында 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасы (қуаттылығы жылына 4800 литр сүт); -2022-2023 жылдар аралығында – Үшарал ауылында 1200 бас ірі қара малға және 3000 бас ұсақ малға арналған бордақылау кешенінің құрылысы (қуаттылығы жылына 350 тонна ет); -2023 жылы – Үшарал ауылында ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша шағын цехтың құрылысы (қуаты жылына 540 тонна ет); -2024 жылы Жаркент қаласында 50 бас ірі қара малға арналған Ақылды сүт-тауар фермасының құрылысы (қуаттылығы жылына 228 мың литр); -2025 жылы – Сарыбел ауылында 200 басқа арналған ұсақ малға арналған бордақылау кешенінің құрылысы (қуаттылығы жылына 10 тонна ет) үшін "Nur Otan" партиясы өз үлесін қосатын болады. Егер партия сайлаудан халық дауысына ие болып, үздік танылса бұл шаралар АӨК-де 74-тен астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді 1,7 есеге арттыруға мүмкіндік бермек. Бұл алдағы уақытқа жоспарланған партияның басты мақсаттарының бірі.
Кандидат партияның Панфилов ауданына арналған "Дамудың жеті басымдығы" атты бағдарламасын түсіндіріп, басым бағыттарын атап өтті. "Nur Otan" партиясы ауданды дамытудың осы 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындағандығын және оның басты мақсаты - халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау екендігін бастауыш партия ұйымының мүшелеріне кеңінен насихаттап берді.
Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Панфилов аудандық (Жаркент қаласы)