Жаңалықтар 07.01.2021 сағат 17:22

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін шешу – Nur Otan партиясының басым бағытының бірі

Панфилов аудандық "Nur Otan" партия филиалында аудандық мүгедектер қоғамының орынбасары Жамауова Алтын штаб мүшелерімен онлайн форматта жүздесу өткізді.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін шешу – Nur Otan  партиясының басым бағытының бірі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау мәселелері - Nur Otan  партиясы үшін бірінші кезектегі мәселе. Бұл туралы Панфилов аудандық «Nur Otan» партиясы филиалында сайлауалды штаб мүшелерінің аудандық мүгедектер қоғамының орынбасары Жамауова Алтынмен өткен онлайн кездесуінде атап өтті. 

Желтоқсанның 30 күні  Панфилов аудандық "Nur Otan" партия филиалында аудандық мүгедектер қоғамының орынбасары Жамауова Алтын штаб мүшелерімен онлайн форматта жүздесу өткізді. Жүздесуде партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланып, өзекті мәселелер ортаға салынды.

Панфилов аудандық партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Қанат Нұркешұлы: «20 жыл ішінде партия Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытын ұстанды. Оны қолдай отырып, бүгін де, әлі де бар кемшіліктер және түйіткілді мәселелермен бірге, болашақта шешімін табуы қажет мәселелерді жүзеге асыруға Nur Otan партиясы әрқашан қабілетті екенін ашық түрде жариялай аламыз. Nur Otan партиясы алдағы 5 жылдағы барлық қаржы ағындарына (республикалық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейлерге) бағытталған сайлауалды бағдарламасы бар бірден-бір негізгі партия… Бізде барлық салада аумақтарды дамыту бағдарламаларына негізделген бағдарламалар бар, мұнда тұрғындарды мазалайтын әр елді мекеннің, қаланың, облыстың нақты мәселелері баяндалады»,-деді.

 А.Жамауова "Nur Otan" партиясы халықтың жайлы өмір сүруі үшін мол мүмкіндіктер жасап жатқандығын атап өтіп, партияның «Ауданның әрбір тұрғыны жайлы өмір сүруге, дамуға және өзін-өзі жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқат қоғамын құрамыз»,-деген бастамасын қолдайтындығын айтып өтті. Онлайн жүздесуге қатысқандар белсенді азаматтық ұстанымға ие және іс-шара ашық диалог форматында өтті. 

Кездесуде қойылған ең маңызды сұрақтардың бірі – екінші топтағы мүгедектердің қоғамдық көлікпен жүруі болды. Бұл адамдар қымбат  дәрі-дәрмекті мардымсыз зейнетақыға сатып алуға мәжбүр болып отыр. Бұл мәселенің алдағы уақытта партия назарында болатындығын айтылды. 

Екінші көтерілген сұрақ – екіншісі топтағы мүгедектерді жұмысқа орналастыру. Кездесуге қатысқан аудандық мүгедектер қоғамының орынбасары Жамауова Алтынмен осы санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету жағдайын егжей-тегжейлі тексеруге уәде берді.

Кездесу барысында өтініш бергендердің мәліметтерін жазу арқылы мүгедектер көтерген жеке сипаттағы барлық мәселелерді шешуге көмектесуге  әзір болатынын айтты.

Сондай-ақ партия бағдарламасындағы «Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау» тарауында айтылғандай ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін, оның ішінде пандустармен, бейімделген лифттермен, дәретханалармен, зағиптарға арналған бағыттаушы белгілермен қамтамасыз етуді қоса алғанда инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғастырылатындығын жеткізді. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру аясында 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанына ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту, қоғамда оларға сыйластықпен және құрметпен қарым-қатынас жасауды қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Мүгедектерді жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталықтары ашылатын болады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өзіне ыңғайлы жұмысты таңдауы мақсатында мамандықтар атласы жасалады. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындамаған жұмыс берушілер үшін мүгедектерге жұмыс орындарын ашуға бағытталған өтемақы төлемдері енгізіледі. 2025 жылға қарай мүгедектігімен жұмысқа орналасқан адамдар саны 30 %-ке дейін өсетін болады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының бағдарламасындағы айтылғандығы жүздесу барысында атап өтілді. 

Кездесу соңында аудандық мүгедектер қоғамының орынбасары Жамауова Алтын ел басына қиын кезең орын алған кезде бірлігімізді бекемдеп, мықты болуға шақырды. 

Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Панфилов аудандық (Жаркент қаласы)

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар