$ 494.87  520.65  4.91

Үміткерлер Талды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы, Панфилов ауданын дамытудың 7 басым бағыты қарастырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жұмыстары, бүгінгі таңда жұмыс бағытындағы оң өзгерістер  жайы айтылды.

Жоспарлар жүйелі түрде іске асып келеді. Бұл туралы штаб  жетекшісінің орынбасары Құрманжан Аубекұлы мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ризван Сакиова Талды ауылдық  округінің тұрғындарымен өткен кездесуінде атап өтті.

Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы, Панфилов ауданын дамытудың 7 басым бағыты қарастырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жұмыстары, бүгінгі таңда жұмыс бағытындағы оң өзгерістер  жайы айтылды. Оған қоса аудан халқының осы уақытқа дейін көтеріп келе жатқан мәселелерінің нәтижелі орындалып жатқаны сөз етілді.

«Nur Otan» партиясының Панфилов ауданын дамытудың 7 басым бағыты өңірдің нақты проблемаларының шешімін көрсетіп, даму бағытын айқындайды. Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартады.

Нақты тоқталып өтсек: экономикалық тұрақты аудан, қолайлы, әлеуметтік-бағытталған, жастарға  арналған, мәдениеті мен тарихы бай, ашық және есеп беретін жергілікті органдары  бар қауіпсіз аудан. 
Панфилов ауданы – көпұлтты, экономикасы дамыған аудандардың қатарында.

Ауданымызда карантиндік ережелер енгізілген тұста партия тарапынан жағдайды тұрақтандыру жөнінде бірқатар шаралар қабылданғандығы аталып өтілді.

Мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің бірқатарын атап айтар болсақ, карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты мәжбүрлі демалыстағы қызметкерлерге 42,5 мың теңгеден төленді (наурызда – 12,7 мың, сәуірде – 13,5 мың, мамырда – 14,4 мың, шілдеде – 24,2 мың, тамызда – 26,9 мың);
-Халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарынан 9 731 адам азық-түлік-тұрмыстық жиынтығына арналған төлем алды. 

-1200 аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 1-6 жас аралығындағы 1 725 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді. 1800 адамның коммуналдық шығындары өтелді.

Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz Birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 1821-ден  астам отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізді, 2600 адам 50 000 теңгеден алды. Тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнеске дағдарыс жағдайында айтарлықтай қолдау көрсетілді;
-Жалпы сомасы 130 миллион теңге болатын 2 жоба Бизнестің жол картасы аясында субсидиялау және кепілдендіру түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды;
-Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберіндегі жобаларға 4,4 млрд.теңге бөлінді, бұл 1047 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді;
-ТЖ кезінде кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізілді;
-Зардап шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнестің кредиттері бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін кейінге қалдыру енгізілді;
-Құрылыс секторында және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында облигациялар шығару есебінен шамамен 2,4 млн. теңге қарастырылғандығы толықтай айтылды. 

Кездесуде нақты атқарылатын жұмыстар легі таныстырылғаннан кейін қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылып, кандидаттарға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. «Nur Otan» партиясы аудандық штаб жетекшісінің орынбасары  Құрманжан Аубекұлы: «Бізді әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған ортақ мақсат біріктіреді. Кез келген қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - деп бастауыш партия ұйымының мүшелеріне  абыройлы еңбек, отбасыларына амандық тіледі. 
Келелі кездесу барысында тұрғындар әртүрлі әлеуметтік мәселелерді алға тартты. Сондай-ақ сенім білдіріп, қолдау көрсететіндіктерін алға тартты.

Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Панфилов аудандық (Жаркент қаласы)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары