Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бағдат Бейсенқызы мен Айдос Айтбекұлы Шолақай ауылдық округіне барып, ауылдағы денсаулық саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Пандемия заманауи денсаулық сақтау саласының жүйелі кемшіліктерін айқындады. Азаматтарымыздың денсаулығы – «Nur Otan» партиясының негізгі басымдықтарының бірі екендігін айтқан партия үміткерлері «Nur Otan» партиясы отандық денсаулық сақтау жүйесін білікті кадрлармен, заманауи құрал-жабдықтармен, диагностика және емдеу әдістерімен қамтамасыз етуге бағытталған тиімді шараларды қажет етеді деп санайтындығын да атап өтті.
Бағдарламадағы «Парасатты және зияткер қоғам» тарауындағы «саламатты ұлт» бөлімінде «Біз медициналық кадрларды оқытудың халықаралық стандарттарына өтеміз, медицина қызметкерлерін, оның ішінде балалар дәрігерлерін қоса алғанда нақты салаға терең бейімделген қызметкерлерді даярлауға арналған гранттар санын өсіреміз» деп нақты масқат қойып, оның орындалу барысын алдағы уақыт жоспарына қойып отыр.
Сондай-ақ ауданда тар шеңберлі мамандардың тапшылығы байқалады, ауруларды ерте диагностикалау және азаматтарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету проблемалары байқалады. Осыған орай «Nur Otan» санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту, онлайн-медицинаны дамыту, медициналық практиға диагностика мен емдеудің жаңа жоғары технологиялық әдістерін енгізу, медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықтармен (өкпені жасанды желдету аппараттары (ӨЖЖ) аудандық көпбейінді ауруханаға) қамтамасыз ету, облыстық онкологиялық диспансер мен аудандық ауруханалар базасында қатерлі ісіктерді ерте анықтау үшін халықты скринингтік зерттеулермен қамтуды ұлғайту (жыл сайын 18 мыңнан астам скриниг), тар шеңберлі маманданудың 12 дәрігерін тарту (офтальмолог, реаниматолог, отоларинголог, неонатолог, акушер-гинеколог және т.б.), 750 медицина қызметкерінің біліктілігін арттыру, медициналық практикаға диагностика мен емдеудің жаңа жоғары технологиялық әдістерін енгізу, қатерлі аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткішін 26,4% -ға төмендету, коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітімді азайту мақсатында созылмалы аурулары бар науқастарда стационарлық және стационарлық алмастыру емін жүргізу, коронавирустық инфекция мен пневмонияның жеңіл түрлерімен амбулаториялық емдеу және бақылау үшін мобильді топтың жұмыс күшін арттыру, стафионарлық және амбулаториялық емдеу кезінде дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Сондай-ақ кездесуде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бағдат Бейсенқызы мен Айдос Айтбекұлы ауданда кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына жан-жақты қолдау жөніндегі өзінің ұсыныс-пікірін жеткізді. Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар медицина қызметкерлеріне пандемия кезіндегі жанқиярлық еңбектері үшін ақжарма алғыстарын жеткізді.
Үміткерлер денсаулық сақтау өкілдерімен әңгімелесу барысында Nur Otan партиясы өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы күрделенген мәселелерді шешуге бағытталған басым бағыттарға кеңінен тоқталып өтті.
Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Панфилов аудандық (Жаркент қаласы)