Құрамына Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық мәслихаттарына үміткерлер енген «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының үгіт-насихат тобы «Азия Тарангул» ЖШС-да болды. Еңбек ұжымымен кездесу «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Ауыл» партиясының өңірлік филиалының басшысы Темірғали Әбілмәжіновтің қатысуымен өтті.
Шаруашылық басшысының айтуынша, «Ауыл» партиясының азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңды қабылдау жөніндегі бастамасы өте уақытылы, өйткені соңғы жылдары АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау жүйесінде «тұрақтылық» ұғымы жоғалып кетті.
Кездесуде сондай-ақ, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы техникасын жаңартудың төмен деңгейі және жанар-жағармай қолжетімділігі мәселелері айтылды.