$ 443.85  474.3  4.8

Назарбаев туралы деректі фильмнің жалғасы шығады (ВИДЕО)

​​Анонста Назарбаевтың - "тек жастар ғана қартаяды, қарттар қартаймайды" деген әзілін естуге болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Хабар" телеарнасында 8 қаңтар 21.45-те Елбасы туралы деректі жобаның жалғасы шығады.

"Фильмнің үшінші бөлігінде саясат жайлы сауалдар азырақ. Бұл жолы бұған дейін айтылмаған жеке мәселелер қозғалады", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

​​Анонста Назарбаевтың - "тек жастар ғана қартаяды, қарттар қартаймайды" деген әзілін естуге болады. Бұған дейінгі трейлерде Назарбаев жасқа қарамастан, тың болу құпиясын бөлісуге уәде еткен болатын.

"80 жаста өзіңді елудегідей сезінуге болады. Бұл мүлдем бөлек тақырып, айтып бере аламын. Енді маған еш нәрсе жасырудың қажеті жоқ", - деген еді Елбасы.

Сондай-ақ, ол жас кезінде ұшқыш немесе теңізші болуды армандағанын айтты. Сөз соңында Назарбаев жиені туралы сөз қозғап, өкінішін жеткізді.

Айсұлтан Назарбаев 2020 Ұлыбританияда көз жұмды. Оның 30 жасқа толуына небәрі он күн бар болатын. Артында ұлы мен қызы қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары