Жаңалықтар 08.01.2021 сағат 14:20

Қазақстандықтарға 42500 теңге туралы хабарлама неге келіп жатыр?

Келісім берген жағдайда "1", ал келіспесе "2" санын жіберу керек екені айтылған.
Қазақстандықтарға 42500 теңге туралы хабарлама неге келіп жатыр?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясы қазақстандықтарға 42 500 теңге төлеу туралы SMS-хабарлама неге қайта келе бастағанын түсіндірді, деп хабарлайды Spunik Қазақстан.

Бұған дейін кейбір қазақстандықтардың ұялы телефонына "Электронды үкімет" порталының Бірыңғай байланыс орталығы нөмерінен (1414) хабарлама жолданды. SMS-те 5 шілдеден бастап табыстан айырылуына байланысты 42 500 теңге алуға келісесіз бе деген сұрақ қойылған. Келісім берген жағдайда "1", ал келіспесе "2" санын жіберу керек екені айтылған.

"Түнде жүйені жаңарту бойынша стандартты жұмыстар жүргізілген еді. Сол кезде төлем тағайындау туралы ескі хабарлама кетіп қалған. SMS байланыс операторларының 400 мың абонентіне жолданды. Бұл әдеттегіден тыс жағдай және адами фактордың салдары. Мазалағанымызға кешірім сұраймыз және түсіністік танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз", - деді Sputnik Қазақстанға "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Анар Мағзұмова.

Былтыр төтенше жағдай режимі кезінде табысынан айырылған қазақстандықтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде әлеуметтік төлем тағайындалған еді. 42500 теңге екі рет: 16 наурыз бен 11 мамыр, 5 шілде мен 17 тамыз аралығында берілді.

Бұған дейін еңбек министрлігі төтенше жағдай режимі кезінде 4,6 миллион адамға 322 миллиард теңге, ал карантиндік шектеу шаралары кезінде 2,4 миллион адамға 153,2 миллиард теңге төленгенін хабарлаған болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар