Оңтүстікқазақстандық полицейлер 33 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын іздестіріп жатыр. Александр Кривошапкин әріптестерінің жалақысын беремін деп, өзімен бірге 800 мың теңгені үйінен алып шыққан. Алайда, жұмысына жете алмай із-түссіз жоғалыпты.
Полицейлерге Кривошапкиннің әйелі арызданған. Оның айтуынша, Александр бұрғылаумен айналысатын компаниялардың бірінде жұмыс істейді. 20 шілде күні ол үйіне келіп түскі асын ішіп, қызметтік көлігімен Бадам елдімекеніндегі жұмыс орнына қайта кеткен. Өзімен бірге «Самсунг» маркалы ұялы телефонын, құжаттарын және шамамен 800 000 тенгедей болатын жұмысшылардың жалақысын алып кетіпті.
Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің СДТТБ тізіміне тіркеліп іздеу ісі жарияланды.
Із-түссіз жоғалған А. Кривошапкинді іздеуге ОҚО ІІД-нің тәжиірбелі қызметкерлерінің қатысуымен топ құрылды. ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамына А.Кривошапкиннің фотосуретімен бағыттама берілді.
Із-түссіз жоғалған А. Кривошапкиннің белгілері: бойы 180-185 см, орта денелі, шашы қысқа қоңыр түсті. Үстінде көк түсті фудболка, көк түсті джинси шалбар, қоңыр түсті жеңіл аяқкиімде болған.
Оңтүстік қазақстан облысының полицейлері қала және облыс тұрғындары мен қонақтарынан із-түссіз жоғалған 1983 жылғы. Кривошапкин Александр Александрович жөнінде қандай да бір ақпарат білетіндер болса мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды: 8-771-883-30-13 немесе 102.