$ 498.51  522.84  4.81

Мюнхендік лаңкес теракт алдында емтиханнан құлаған

Германияның Мюнхен қаласындағы сауда орталықтарының бірінде лаңкестік әрекет жасаған 18 жастағы бозбала оқу орнына түсерде емтихан тапсыра алмай қалған. Бұл туралы Bild am Sonntag басылымы хабарлады.

Газет тілшілерінің ақпаратынша, сауда орталығына қарулы шабуыл жасаған содырдың есімі — Әли Давид Сонболи. Ол — Германия азаматы, ирандықтардың отбасында дүниеге келген. Әли өз қатарластарымен тіл табыса алмайтын дейді оны танитындар. Бірге оқитын түрік және араб сыныптастары оны үнемі мазақ етіп келген. Тіпті, ұрып-соққан кездері де болыпты. Мұны полиция растап отыр.

Кейбір бейресми деректерге сүйенсек, лаңкес ынжық, епетейсіз болған көрінеді. Тәртіп сақшылары оның дәрігерлерге қаншалықты жиі қаралғанын анықтап жатыр.

23 шілде күні Daily Mail басылымы таратқан мақалада Әлидің бұл қанды әрекетке кек алу мақсатында барғаны жазылды. Оның сыныптастарының бірі: «Біз оны үнемі мазаққа айналдыратынбыз, ол болса бізді бір күні ақыры өлтіретінін айтатын», — деп әлеуметтік желіде жазба қалдырған.

Естеріңізге салайық, аталған лаңкестік оқиға 22 шілде күні Мюнхендегі Olympia сауда орталығында орын алған болатын. Жас жігіт алдымен келушілерге оқ жаудырып, артынан өзіне қол салды. Қаза тапқан 9 адамның жартысынан көбі жастар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары