Еліміздегі жеті облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
10 қаңтарда Ақтөбе> облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетелі.
Ертең күндіз Ақтөбе қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады.
10 қаңтар Батыс Қазақстан> облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Ертең Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.
10 қаңтарда Ақмола> облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Ертең Көкшетауда жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, түнде және таңертең екпіні 15 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтанда 10 қаңтарда жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
10 қаңтарда Қарағанды> облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.
10 қаңтарда Павлодар> облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Ертең күндіз Павлодар қаласында жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан, батыстан тұрған желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
10 қаңтарда Қостанай> облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел, оңтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Ертең Қостанай қаласында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел, оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан> облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс бағытына ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Ертең Петропавлда жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс бағытына ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.