$ 494.87  520.65  4.91

Анталияда жоғалып кеткен қазақстандық қыз өлі табылды

Басылым мәліметіне сәйкес, оның денесі 9 қаңтарда Сарысу ауданындағы орманда табылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Анталияда жеті ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 21 жастағы қазақстандық Арайлым Орынбаева өлі табылды, деп хабарлады SonDaKika.

Басылым мәліметіне сәйкес, оның денесі 9 қаңтарда Сарысу ауданындағы орманда табылды.

Арайлым біраз уақыт бұрын отбасымен бірге Түркияға қоныс аударған. Анасы және інілерімен бірге тұрған Арайлым отбасындағы жанжал төбелеске ұласқан соң өткен жылдың мамыр айында үйден кетіп қалған. Ұялы телефонын өшіріп тастады. Анасы Салтанат Орынбаева ертеңіне полицияға арыз жазған. Бойжеткенді іздеу жұмыстары жеті айға жалғасқан.

Полиция ұялы телефон сигналдары арқылы Арайлымның соңғы рет қайда болғанын анықтады. Іздеу жұмыстары оларды Сарысу ауданындағы орман алқабына алып келді.

Ол жерде полиция Арайлым Орынбаеваның денесі тапты. Алдын ала болжам бойынша өзіне қол салған, деп жазады Haberler.com.

Бойжеткеннің мәйіті Анталия сот медицинасы институтының мәйітханасына жеткізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары