10.01.2021, 15:47

Атырауда бүгін дүниеге келген сәбиге Сайлау есімі қойылды

Фото: ашық дереккөз
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа босанған аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы.

Сайлау күні Атырау олысында түске дейін 12  нәресте, оның ішінде 5 ұл, 7 қыз бала дүние есігін ашты, деп хабарлайды «Прикаспийская коммуна» басылымы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа босанған аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы.

Дәрігерлер сондай-ақ бүгін дүниеге сәби әкелген аналардың бірі, Атырау облысының тұрғыны қызының есімін еліміз үшін аса маңызды бүгінгі күнмен байланыстырып қойғанды жөн көргенін жеткізді.   

«Біз отбасымызда балаларға ерекше, мағыналы есім беруді дәстүрге айналдырғанбыз. Мысалы, үшінші қызымыздың атын Құралай деп қойдық, ол көктемгі «құралайдың салқыны» кезінде, киіктер төлдейтін уақытта дүниеге келген. Ал бүгін, дәл сайлау күні өмірге келген төртінші қызымыздың есімі Сайлау болатынына еш күмәніміз болмады, біз бұл есімді бәріміз үшін маңызды осы күнмен байланыстырып қойғанды дұрыс көрдік», - дейді нәрестенің анасы.