$ 447.4  477.55  4.76

Үкімет басына кім келеді – саясаттанушы үш адамның атын атады

Қазіргі премьер Асқар Мамин, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин және Nur Otan төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек үкімет басшысы болуы мүмкін.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев парламент сайлауынан кейін жасақталатын үкіметтің жаңа құрамына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Оның болжамынша, үкіметтің басым бөлігі қайта тағайындалады. Өйткені бізде тәжірибелі кадрлар көп емес, дейді сарапшы. "Сосын қазіргі премьер-министр Асқар Мамин барлық дерлік саяси күштердің көңілінен шығып отыр", - деді Әшімбаев.

Сонымен қатар ол кейбір министрлер ауысады деген пікірде. Оларды өңірлерді күшейту үшін жіберуі мүмкін. Себебі соңғы бір жылдың ішінде әкімдіктердің жұмысынан біраз олқылық шықты. Соны түзету үшін орталықтан адам жіберу керек, дейді саясаттанушы. Осы орайда Әшімбаев білім және денсаулық сақтау министрлерінің ауысына қатысты өз ойын айтты.   

"Енді бізде білім, денсаулық министрлерін жиі сынайды ғой. Білімнің өзі жиі сынға ұшырайтын сала ғой. Министрді (Асхат Аймағамбетов – ред.) ауыстырайық дейді. Алайда оның осы қызметке келгеніне көп болған жоқ. Ал белгілі бір проблеманы шешу үшін үш-төрт жыл қажет. Сосын бірізділік керек. Осы салада проблема көп. Ал карантин көп проблеманы ушықтырып жіберді", - деп түсіндірді сарапшы.

Ол денсаулық сақтау министрінің жұмысына көңілі толмайтынын жасырған жоқ. Бірақ мемлекет тарапынан өзгеріс жасау ниеті болмаса, министрді ауыстыру мәселесі көтерілмейді. Бұдан бөлек, әділет министрі Марат Бекетаев та бірнеше рет сынға ұшырады, дейді Әшімбаев. Жалпы, ротация болады. Бірақ, оның айтуынша, жаңа адамдар келмейтін сияқты.   "Бәлкім, мәжіліске вице-премьер Ералы Тоғжанов барады. Ал үкімет басшысы қызметіне қазіргі Асқар Мамин лайықты. Сосын мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мен Nur Otan төрағасының орынбасары Бауыржан Байбекті атап жатыр. Осы үш кандидат", - деді Әшімбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары