Астана мен Алматыда аз-ақ адам наразылыққа шықты. Халқымыз әлі ашық демократияға дайын емес екен. Ендеше бүгінгі жүйе билікке де, халыққа да қолайлы боп тұр-ау. Әсіресе биліктегі нақты адамдарға жылына миллиардтаған ақша әкеп жатыр. Бұл жүйе – олардың бизнесі, депті Мұхтар Тайжан.
"Бізде 5 емес, 50 партия болуы керек еді. Мына бес партияң түгел тәуелді. Ал анау Нұр Отанның 70 пайыз алғаны – тым көп. Шындығында олар бір 45-50 пайыз дауыс алған шығар. Көзіміз көріп отыр ғой, халық дым риза емес, елдегі жағдайға. Меніңше, олардың 70 пайызы шындыққа жатпайды", - деген екен Тайжан.