$ 494.87  520.65  4.91

Семейде әйел 3 миллион теңге салынған сөмкесін автобуста ұмытып кеткен

Оқиға 10 қаңтар күні болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Семейде полицейлер әйелге автобуста ұмытып кеткен 3 миллион теңге салынған сөмкені қайтарып берді, деп хабарлайды қаланың полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға 10 қаңтар күні болды. "102" нөміріне 1983 жылғы әйел қоңырау шалып, 3 миллион теңге салынған қара түсті сөмкесін №35 автобуста ұмытып кеткенін айтқан. Ол полицейлерден автобусты қуып жетіп, ақшаны қайтаруға көмектесуді өтінді.  

"Басқарма кезекшісі дереу кезекшілік атқарып жүрген полиция нарядына хабарласып, жедел басқару орталығындағы бейнекамералардың көмегімен   автобустың "ЦУМ" аялдамасына жақындап қалғанын анықтап, сол жерге патрульдік полицияның экипажын жіберді", - делінген хабарламада.

Олар автобусты тоқтатып, салонның ішінен ақша салынған қара рюкзакты тауып, әйелге қайтарды.

Жәбірленуші жоғалған затын тез арада тауып берген полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ақша #полицей