$ 494.87  520.65  4.91

«Масқара!»: Оралдағы тұңғыш президент алаңында ілініп тұрған ту жыртылып қалған

Видео жалпықалалық мәселелерді қозғайтын zhaloby_uralsk_official тобында жарияланды.

Әлеуметтік желіде Оралдағы Тұңғыш президент алаңына ілінген жыртық тудың видеосы тарап кетті. Қалалықтар бұл жағдайға алаңдаушылық білдірді. Видеоға қатысты қалалық әкімдік те пікір айтты, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Видео жалпықалалық мәселелерді қозғайтын zhaloby_uralsk_official тобында жарияланды.

"7 қаңтар күні сонда болдық. Ту бүтін еді. Өлшемі үлкен болғандықтан, мұқият қарадық. Мүмкін, қар жауған соң жыртылған шығар",- дейді жазбаға пікір жазғандардың бірі.

"Масқара. Ұят. Бұдан гөрі тудың ілінбегені жақсы", - деді басқа қолданушы.

Ал қала әкімінің баспасөз қызметі тудың ауа райының қолайсыздығына байланысты жыртылғанын хабарлады. Облыс орталығында дауылды ескерту жарияланған. Ал қалада қар мен жаңбыр жауып, қатты жел соққан.

"Тұңғыш президент алаңында мемлекеттік ту қатты жел салдарынан жыртылған. Қазіргі уақытта оны алып тастады, жақында жаңасын іледі",- деді әкімдіктен.

Айта кетейік, тудың ұзындығы - 60 метр. Оны жылына бірнеше рет өзгерту қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары