$ 494.87  520.65  4.91

12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Сейсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігіне қар жауады, тұман түсіп көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

12 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігіне Атлант циклоны әсер етеді, соған байланысты қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, боран соғады, оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде боран соңуы мүмкін.

Ақмола, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді, екпіні 30 м/с жетеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы