Жаңалықтар 11.01.2021 сағат 21:49

«Байларды ғана таситын шығар»: Алматыда ерекше жедел жәрдем көлігі ВИДЕОға түсіп қалды

Әлеуметтік желі қолданушылары жарыса пікір қалдыруда.
«Байларды ғана таситын шығар»: Алматыда ерекше жедел жәрдем көлігі ВИДЕОға түсіп қалды
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда Toyota Land Cruiser маркалы жедел жәрдем көлігі қала тұрғындарының назарын аударды, деп хабарлады paryz.kz

Әлеуметтік желіде таралған видеода Toyota Land Cruiser 200 маркалы көліктің медициналық белгілермен жабдықталғаны байқалады: "жедел жәрдем" сыртында Ambulance жазуы мен қызыл жолақтар белгіленген. 

"Мұндай жедел жәрдемді жіберіп алма" деп жазыпты видео авторы. 

Әлеуметтік желі қолданушылары жарыса пікір қалдыруда.

"Бұл жедел жәрдем байларды ғана таситын шығар", - деп жазыпты бір оқырман. 

"Мынадай көлікпен ауруханаға барғанша жазылып кететін шығарсың", - депті екіншісі. 

"Мұндай жедел жәрдемге жол бермей қойсаң, не боларын білмеймін" деп жазған тағы бір желі қолданушы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар