Мемлекет басшысы мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыс бергеннен кейін 15 қаңтарда үндеу жасауға дайындалып жатқанын айтты. БАҚ өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қазақстанда дайындалып жатқан реформалар туралы сұрады.
"Реформалар әзірленіп жатыр. Реформалар тоқтамауы тиіс. 15 қаңтарда мен парламентте, соның ішінде мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасаймын. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді, ол жерде реформаларға қатысты өте маңызды әңгіме болады", - деп мәлімдеді Тоқаев.