$ 498.34  519.72  4.85

«Nur Otan» партиясы сайлауда дауыс берген барша қазақстандыққа алғысын білдірді (ВИДЕО)

«Nur Otan» партиясының бағдарламасы – егжей-тегжейлі есептелген, қаржылық және нақты ресурстармен қамтылған шаралар.

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, партияның республикалық сайлауалды штабын басқарған Бауыржан Байбек 10 қаңтарда өткен Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді.

«Nur Otan» партиясы 71,09% дауыс жинады. Барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында да біз айқын жеңіске жеттік. Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясының басты мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықты біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз», - деп жазды ол.

Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – алдағы 5 жылда еліміз бен өңірлерді дамытудың дайын жоспары. Ол Елбасының 5 институционалдық реформасы бағдарын жалғастырады және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында қойылған міндеттерді қамтиды.  

«Nur Otan» партиясының бағдарламасы – егжей-тегжейлі есептелген, қаржылық және нақты ресурстармен қамтылған шаралар. Алғаш рет жоспарлау тәсілі де өзгерді. Мұнда салалық емес, страттық қағидат негізге алынды. Бұл ретте нақты әлеуметтік топтардың мүддесі басты назарда болады.

«Елбасы айтқандай, енді партиямыз сайлауалды уәделердің және Мемлекет басшысының пандемия салдары мен экономикалық дағдарысты еңсеру бойынша қойған міндеттерінің барлық деңгейде іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Алдымызда атқаратын ауқымды жұмыс бар», - деп тоқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары