$ 449.58  486.94  4.86

«Оқжетпес» футбол клубының директоры көз жұмды

Бөтембаевтың неден көз жұмғаны айтылмады.
фото: kazfootball.kz
фото: kazfootball.kz

Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев 47 жасына қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды Vesti.kz, "Қызыл-Жар СК" командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөтембаев еркін күрестен спорт шебері және әскери джиу-джитсудан қара белбеуінің бірінші "сенсей" данын иеленген еді. 

Ол көкшетаулық клубта 2018 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істеген. Бөтембаев еңбек еткен уақытта "Оқжетпес" бірінші лигадан премьер-лигаға қайта көтерілген. Ал 2019 жылы Қазақстан чемпионатында жетінші болды, бұл команда тарихындағы ең жоғары нәтиже. 

Бөтембаевтың неден көз жұмғаны айтылмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Футбол