$ 498.51  522.84  4.81

Ерасыл Әубәкіров өлімі: қорғаушы істегі шикіліктерді айтып шағымданды

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты істе күдікті Нұрбек Әжімбайды қорғап жатқан адвокат Ерлан Ғазимжанов тергеушілерді айғақ заттардың көшірмесін бермей отыр деп айыптауда. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеген.

"Заң бойынша, олар аудио, видеоматериалдардың көшірмесін беруі тиіс. Өйткені, қорғаушылар тарабы кез-келген уақытта материалдарды зерттеуі немесе экспертизаға қайта жолдай алуы керек. Бүгін Нұрбектің анасы қорғаушы ретінде тергеушіге аталған материалдардың көшірмесін беруін сұрап, хат жазды. ҚР Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-тармағы және 296-бабы 2-тармағы. Яғни бұл көшірмелерді барлық алдын ала тергеу органдарында қорғаушыларға береді. Бірақ осы істе бұл көшірмелерді бермей отыр. Бұл сот процесіне дайындалуға кедергі. Ал бұл материалдар Әжімбайға қарсы айыптаулардың негізі ғой. Сонымен қатар Мейірбаев Аянға қатысты істің тоқтатылуының негізі де осы материалдар. Сондықтан бұл материалдарды алу маңызды. Бүгінде Бегалин деген процесстік прокурор бар, оған осы көшірмелерді бермей отыр деп шағым түсті. Алайда Бегалин құқықтарды қорғап, заңдылықты сақтаудың орнына іс материалдарымен танысудың кестесін бекітіп, айыпталушы тараптың жағдайын нашарлатып тастады. Ал заң бойынша айыпталушы тарап іс материалдарымен танысуға қанша уақыт аламын десе де өзі біледі, ал прокурор қасақана уақытты созған жағдайда ғана кесте бекіте алады, істі қараса да, қарамаса да, уақыт бітеді. Іс сотқа жіберіледі. Прокурор көшірмелерді беру туралы шешім шығарудың орнына Әжімбайдың жағдайын қиындатып отыр. Енді біз түсірген шағымның мәні болмай қалды. Меніңше, айтқым келетіні, Әжімбайға бұл істе сот отырысына жақсылап дайындалуға мүмкіндік бермеу", - деді адвокат телефон арқылы.

Ал видео мен аудиоматериалдарда қандай мәліметтердің бар екендігі жайлы сұраққа адвокат жауап бермеді. "Бұл істегі дәлел бола алатын мәліметтер осы аудио мен видеоматериалдаода. Оның ішінде не бар екенін қазір айта алмаймын, себебі барлығымыз тергеу құпиясын жария етпеу туралы қолхат толтырғанбыз. Бірақ көшірмесі берілмеген бөлігін біз жария етуге құқылымыз, ал сол көшірмелердің ішінде не бар екенін біз айта алмаймыз", - деп мәлімдеді адвокат.

"Бұл қылмыстың видеосы. Қылмыстың қалай жасалғаны жайлы. Телефон арқылы әңгімелескен іс фигуранттарының аудиожазбалары", - деді Ғазымжанов.

Заңгердің айтуынша, атышулы қылмыстық іске ол таяуда, тергеу аяқталған кезде қосылыпты. "Біздің командада тағы екі адвокат бар. Мен Әжімбайдың мүддесін ресми тұрде қорғаймын, қазір іспен танысып жатырмын. Сот отырысы кезеңінде қатысамын", - деді ол.

Еске салайық, биыл 10 ақпанда Астанада медициналық университеттің жоғалып кеткен студенті Ерасыл Әубәкіровтің денесі табылған еді. Мәйітте зорлық белгілері болды. Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары