$ 498.51  522.84  4.81

Германияда сириялық босқын тағы бір лаңкестік жасады

Германияға Сириядан босқын болып келген араб азаматы қанжарымен бірнеше адамды жаралап, біреуін өлтірді деп жазады Bild басылымы. Оқиға Ройтлинген қаласында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, лаңкес өзін есінен адасқан адамдай ұстап, полицей көлігінін артынан қанжарын алып жүгірген.

Қылмыскерді сол куәгерлердің бірі тоқтатыпты. BMW көлігін мінген ер азамат жол бойында елді пышақтап жатқан лаңкесті соғып құлатқан. Аздап жарақат алғанымен күдікті аман-есен. Оны тәртіп сақшылары дереу қамауға алды. Әзірге босқынның неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз.

Ал, қаза тапқан әйел болса оқиға болған маңда шаурма сатумен айналысқан екен. Сондай-ақ, «Мангал» мейрамханасында еден жуып та ақша тапқан. Оның күдіктімен қандай байланысы бар екені енді анықталады. Ал, жарақат алғандар саны әзірге екі адам екені белгілі.

Естеріңізге салайық, осыдан екі күні бұрын Германияның Мюнхен қаласында ірі лаңкестік оқиға орын алған болатын. Ол кезде 18 жастағы бозбала қаладағы Olympia сауда орталығына келіп, көзіне түскен адамдардың бәріне оқ жаудырған. Салдарынан 9 адам қайтыс болып, 20-дан астамы жараланды. Ал, лаңкес болса өзін сол жерде атып өлтірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары