$ 448.15  483.46  4.86

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағандарға Шенген визасы берілмейтіні рас па?

Бұдан былай Шенген визасын алу үшін Pfizer немесе Moderna вакцинация белгісі бар «вакциналық еуропаспортты» ұсыну қажет болады.
фото: visaget.ru
фото: visaget.ru

Қазақстандықтар Еуроодақтың жаңа ереже енгізетіні туралы жаңалықты талқылауда. Айтуынша, бұдан былай Шенген визасын алу үшін Pfizer немесе Moderna вакцинация белгісі бар «вакциналық еуропаспортты» ұсыну қажет болады. Алайда, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz

«Еурокомиссияның, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің, Еуропарламенттің ресми сайттары қаралды. «Вакциналық паспорттар» деп аталатын құжатты енгізу туралы ақпарат табылған жоқ. Қазақстан бойынша Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің кураторымен телефон арқылы сөйлестік, ол қазіргі уақытта ЕСІҚ-да мұндай ақпарат жоқ екенін, осы тақырыпта қандай да бір ресми талқылаулар өткізілмегенін хабарлады», – делінген ведомство хабарламасында.

Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің өкілі алдағы 2-3 айда Шенген визасын алу үшін талап өзгермейтінін түсіндірді. Сонымен қатар, «ковид паспортын» енгізу үшін ЕуроОдаққа мүше 27 ел мәселені талқылап, келісілген шешім қабылдауы керек. Алайда, бұл көп уақытты қажет ететін процесс.

«Жоғарыда айтылғанды және осы ақпараттың (дереккөзге қандай да бір сілтемесіз) БАҚ-тан емес, «Мастер пера» телеграм арнасынан алынғанын назарға ала отырып, ол шындыққа жанаспайды деп санаймыз», – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары