Астананың барлық жолдары жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ауа райының күрт нашарлауына байланысты, атап айтқанда боран, көрінудің шектелуі салдарынан Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға автокөліктің барлық түрлері үшін барлық трассалар (Нұр-Сұлтан-Павлодар бағыттарынан басқа) жабылғанын хабарлайды", - делінген ТЖД хабарламасында.
Қазгидрометтің мәліметінше, 12 қаңтарда Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұрқасын соғады.