13.01.2021, 16:00

Ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ауа температурасы түнде 33-38 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

14 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Орал қаласында 14 қаңтар тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%

14 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, ауа температурасы 28-33 аязға дейін төмендейді,

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 33-38 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Петропавл қаласында түнде 14 қаңтарда ауа температурасы 35-37 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

14 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.  Қызылорда қаласында 14 қаңтарда күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.