III тоқсаннан бастап оқыту форматы өзгертілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау Вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мәлімдеді.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің айтуынша, мектеп бітіруші сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аралас оқытуға, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін оқу жылының екінші семестрінен бастап штаттық оқытуға рұқсат етілді.
Бұл ретте бетперде тағу, дәлізде, кабинеттер арасында жүруге шектеу қою, санитайзерлерді пайдалану сияқты барлық сақтық шараларын сақтау қажет.