$ 498.51  522.84  4.81

ОҚМУ ректоры жемқорлық дерегі бойынша айыпталуда

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Жұмахан Мырхалықов қызметін асыра пайдаланды деп айыпталуда. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті хабарлады деп жазады Tengrinews.kz.

Бюро қызметкерлерінің хабарлауынша, 2016 жылдың 28 маусымында Тараз қаласының тұрғынынан арыз келіп түскен. Ол өз арызында көрсеткендей, ОҚМУ ректоры мен жауапты бірнеше қызметкер 2012-2016 жылдары мемлекеттік сатып алу байқауларын өткізерде қызметтерін асыра пайдаланып, заңды және жеке тұлғалардан жүйелі түрде пара алып келген. Сонымен қатар, оқу орнына тиесілі жатақхананы жекешелендіріп, мемлекеттен бөлінген қаржыны талан-таражға салған.

Арызда көрсетілген бұл деректердің қаншалықты ақиқат екенін аталған Бюро қызметкерлері анықтап жатыр. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары