$ 498.51  522.84  4.81

ОҚО-да ірі жол апаты орын алды

Жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан үш адам қайтыс болып, біреуі жарақат алған. Оқиға 24 шілде күні түнгі сағат он жарым шамасында Ордабасы ауданындағы Шымкент-Самара тас жолының бойында орын алған деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға орнында болған полицейлердің айтуынша, «Опель-Вектра» жеңіл көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Газ-53» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан, Опельдің 22 жастағы жүргізушісі мен 1994 және 1995 жылғы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 1994 жылғы тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары