$ 446.49  475.38  4.79

Дубайдан ұшып келгендерден коронавирус расталды

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 12 қаңтардан бері Қазақстанға COVID-19 анықтамасыз 94 жолаушы ұшып келген.

Дубайдан ұшып келген екі қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 12 қаңтардан бері Қазақстанға COVID-19 анықтамасыз 94 жолаушы ұшып келген.

"ПТР-талдау нәтижелері бойынша, 2021 жылдың 12 қаңтарында Қазақстанға анықтамасыз келген 94 адамның ішінде Дубай-Алматы рейсімен ұшып келген екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 13 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары